Бұл іс бойынша енді қылмыстық іс қозғалды.
Алматыда қоқыс ішінен сәбидің мәйіті табылды
1,073
оқылды

Алматыдағы қоқыс зауытында қоқыс пакетінің ішінен жаңа туған сәби табылған. Полиция атаған жайтқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға 14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қалдықтарды сұрыптау кезінде болған. 

Сәбидің денесін кәсіпорын жұмысшылары конвейер желісінен тауып алған. Сәби қоқыс дорбасына оралған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.