Айдың бетіндегі «шұңқырларды» ғалымдар бұрыннан зерттеп келеді. Енді олардың терең үңгір екені дәлелденді. Онда адамдар тұруға жақсы жағдай бар, тұрақты температура +17°C.
Айда табылған үңгірде адамдар тұрады
Айда тұруға қолайлы жағдай жасау үшін үңгірлерді қолдануға болады. Фото hightech.fm сайтынан алынды
23,645
оқылды

Ай бетінде кездесетін шұңқырлар үңгірлердің кіреберісі екенін BBC News сайты жазды. Ғалымдар тауып, дәлелдеген алғашқы Айдағы үңгірдің пайдасын Aikyn.kz түсіндіреді.

Ай үңгірлерін тұрақты баспанаға айналдыруда қиындықтар бар. 100 метрден асатын терең үңгірге астронавтар кіріп, шығуы үшін «реактивті арқа сөмкесі» немесе лифт керек болады. Фото habr.com сайтынан алынды

Ғалымдар Айда алғашқы үңгір тапты. Олардың айтуынша, үңгірдің тереңдігі кем дегенде 100 метрге жетеді. Бұл адамдар үшін жақсы баспана болуы мүмкін. 

Айда тұруға қолайлы жағдайлар жасау үшін адамдарды, азық-түлік пен қажетті құрал-жабдықтарды сақтайтын сенімді баспана қажет. Айдың беті бұған қолайсыз: температура түнде -173°C, күндіз +127°C аралығында ауытқып тұрады, Күн радиациясы және микрометеориттер ұдайы беткі қабатты «бомбалайды».

Ал табылған үңгірлер – лава түтіктері   жиі кездеседі. Олар лава жанартаудан ағып, суыған кезде пайда болған. Лаваның сыртқы қабаттары тез қатып, ішкі қабаттары баяу қатқанда арасында қуыстар қалады. Осы қуыстарда үлкен үңгірлер пайда болады. Бұл терең қабатында температуралық ауытқулар болмайды, радиациядан жақсы қорғайды. Сондықтан орнықты баспана салуға тамаша орын болмақшы. Зерттеушілер бұл үңгір «Айдың зерттелмеген астыңғы қабатында» жасырынған жүздеген үңгірлердің бірі ғана деп болжауда.

20-30 жыл ішінде адамдар Айдағы үңгірлерді өмір сүруге икемдеп алады. Фото overclockers.ru сайтынан алынды

АҚШ, Қытай мен Жапония Айда тұрақты экспедициялар үшін жарысуда, бірақ олар ғарышкерлерді радиациядан, төтенше температурадан және ғарыштағы құбылмалы ауа райынан қорғауы керек. Ұлыбританияның алғашқы астронавты Хелен Шарман BBC News-ке жаңадан ашылған үңгір экспедицияның базасы болуға жақсы орын екенін және 20-30 жыл ішінде адамдар Айдағы үңгірлерді өмір сүруге икемдеп алады деген болжам айтады.

Дегенмен терең үңгірлерді баспанаға айналдыруда қиындықтар да бар. 100 метрден асатын терең үңгірге астронавтар кіріп, шығуы үшін «реактивті арқа сөмкесі» немесе лифт керек болады.

Италиядағы Тренто университетінің қызметкерлері Лоренцо Бруццоне мен Леонардо Каррер үңгірді Айдың Mare Tranquillitatis деп аталатын тасты жазығында радардың көмегімен тапқан. Mare немесе теңіз бір кездері мұхит болуы да мүмкін және оны Жерден телескоп арқылы да көруге болады. Бұл ауданға 1969 жылы Аполлон 11 қонған. Үңгірдің қабырғалары тік төмен түседі, үңгірдің табаны Айдың төменгі қабаттарымен жалғасып кететін еңіс жазықтық екені анықталған.

Үңгірді зерттеуге радарлар, камералар немесе роботтар қолданылады. Фото rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Shutterstock

Үңгір миллиондаған немесе миллиардтаған жылдар бұрын лава Айдың үстінен аққан кезде қатып, жартастың арасында туннельдер пайда болған. Профессор Каррер біздің планетамызда осыған ұқсас үңгір Испанияның Ланзароте аралындағы жанартаулық үңгірлер екенін айтуда. Айдағы үңгірді жақсы түсіну үшін зерттеушілер Ланзорете үңгірлерін де аралап көрген.

«Бұл шынымен де қызықты. Сіз Айдағы үңгірдің суреттерін көрген кезде адамзат тарихында мұны көрген бірінші адам екеніңізді түсінесіз», – дейді профессор Каррер.

Профессор Бруццоне мен профессор Каррер үңгірдің қаншалықты үлкен екенін есептегеннен кейін, олар бұл үңгірді адамдарға баспана салуға болатын жақсы орын екенін түсінген.

«Ақыр соңында, Жердегі өмір үңгірлерден басталды, сондықтан Айда да адамдар өмір сүруді үңгірде бастай алады», – дейді профессор Каррер.

Үңгір әлі толық зерттелген жоқ, бірақ зерттеушілер оны картаға түсіру үшін терең қабаттарды радарлармен, камералар немесе роботтарды қолданбақшы.

Айдың терең қабаттарында не жатқанын білмейміз. Бұл жұмбақтарды ашуға үңгірлер көмектеседі. Фото rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: NASA

Ғалымдар алғаш рет Айда үңгірлердің болуы мүмкін екенін шамамен 50 жыл бұрын анықтаған еді. Содан кейін 2010 жылы Lunar Reconnaissance Orbiter деп аталатын миссиядағы камера ғалымдар үңгірлердің аузы болуы мүмкін деп ойлаған «шұңқырларды» суретке түсірді. Алайда зерттеушілер үңгірлердің қаншалықты терең екенін және олардың қабырғаларының қаншалықты мықты екенін екенін білмеді.

Профессор Бруццоне мен профессор Каррердің жұмысы бұл сұраққа жауап берді, дегенмен үңгірдің шынайы көлемін түсіну үшін әлі көп зерттеулер керек.

«Бізде Ай бетінің өте жақсы суреттері бар – ажыратымдылығы 25 см-ге дейін – біз Аполлонның қону алаңдарын көре аламыз. Бірақ біз Айдың терең қабаттарында не жатқанын білмейміз. Бұл жұмбақтарды шешуге енді үлкен мүмкіндіктер туды. Бұл зерттеу бізге болашақта Марстағы үңгірлерді зерттеуге де көмектесуі мүмкін», – дейді Еуропалық ғарыш агенттігінің үйлестірушісі Франческо Сауро.

Үңгірдегі тастар ғарыштық ауа райының әсерінен бұзылмаған, эрозияға ұшырамаған. Олар миллиардтаған жылдарды қамтитын геологиялық құнды ақпарат бере алады. Фото rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: ESA

Шынымен де, бұл Марстағы өмірдің дәлелдемелерін ашуға мүмкін береді. Егер ол бар болса, оны планета бетіндегі қауіптерден қорғалған үңгірлерден ғана іздеу керек.

Ай үңгірі адамдар үшін пайдалы ғана емес, сонымен қатар  ғалымдар бұл Айдың тарихы және тіпті Күн жүйесі туралы іргелі сұрақтарға жауап беруге көмектесетінін айтуда. Үңгірдің ішіндегі тастар ғарыштық ауа райының әсерінен бұзылмаған немесе эрозияға ұшырамаған. Сондықтан олар миллиардтаған жылдарды қамтитын геологиялық құнды ақпарат бере алады. Зерттеу Nature Astronomy ғылыми журналында жарияланды.Айды игеруге байланысты жобалар мен миссияларды АҚШ, Қытай, Ресей мен Жапония елдері белсенді іске асыруда. Бұл туралы Aikyn.kz бірнеше материал жариялаған: 

«Айдан 1000 келі гелий алып келіп 20 миллиард доллар пайда табуға болады»

«Айдан Жерге өте қымбат газ тасымалданады»

«Айда үй салынады»

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.