Ол кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллар пара алған.
Петропавлда машина зауытының директоры пара алғаны үшін сотталды
449
оқылды

Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қозғалтқыштар мен гидроблоктарды жеткізуді жүзеге асырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тергелді, – деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. 

2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды, оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды.

Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алды.

Сот зауыттың бұрынғы бас директорын аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директорын – төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне 40 млн теңгеге пара қаржысына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.