Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Төреғали Төреәліні Ақсуатта 25 мың адам 10 сағат бойы күткен
8,455
оқылды

Танымал әнші Төреғали Төреәліні Ақсуатта 25 мың адам концерт алаңында он сағат бойы тік тұрып күткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуаттағы концерттегі қызықтарды бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын, – деп жазды әнші. 

Десе де, өнер иесі халықты біршама күттіріп қойған.

– Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрдық. 25 мың адам 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс, – деген тыңдарманының пікірі де желіде жарияланды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.