Оқиға орнында өртті сөндірудің үш жауынгерлік учаскесі ұйымдастырылды.
Шымкенттегі индустриялық аймақтан шыққан өрт сөндірілді
ТЖМ
764
оқылды

Өртке оранған аймақта инертті материал төселіп, әуе-мехникалық көбік беру арқылы ашық өрт ошақтары сөндірілді,-? деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында өртті сөндірудің үш жауынгерлік учаскесі ұйымдастырылды. Оттың таралуына қауіп жоқ.

Эвакуацияланған адамдар туыстарының үйлеріне оралды.

«ТЖМ, ЖАО, ӨККД,102, 103, СЭС жеке құрамынан 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника және ҚТЖ 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылуда. Өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында күкірт өртке оранды.