Алматы әкімі Ерболат Досаев дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты қола медалімен құттықтады.
Алматы әкімі Ерболат Досаев дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады
1,026
оқылды

Алматы әкімі Ерболат Досаев дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты Париждегі Олимпиада ойындарында қола медалімен құттықтады.  

«Сіздің марапатыңыз алматылықтар және жастар үшін мақтаныш әрі тамаша үлгі. Сіз Олимпиада ойындарында өз жолыңызды абыроймен жүріп өттіңіз, ел үшін аянбай шайқастыңыз. Алматылық спортшылардың қысқа мерзімде екінші медальді жеңіп алғанын атап өткен жөн. Сіз біздің құраманың даңқын арттырдыңыз. Тамаша нәтижемен құттықтаймын және Сіздің спорттық мансабыңызда жаңа жарқын жеңістер тілеймін»,  деп атап өтті қала басшысы Ерболат Досаев. 

Анықтама: Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатының екінші турының қола жүлдегері, 2019 жылғы Гранд-слам Абу Даби жеңімпазы, 2017 жылғы Анталия Гран-приінің жеңімпазы.