Ол жарыс жолын 7 минут 26.20 секундта бағындырды.
Владислав Яковлев ескек есуден Е тобының финалына шықты
609
оқылды

Академиялық ескек есуден спортшымыз Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында E/F1 тобының жартылай финалында мәреге бірінші жетті, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.


Ол жарыс жолын 7 минут 26.20 секундта бағындырды. Енді ол Е тобының финалында жарысады.

Айта кетейік, бұл кезеңге қатысатын ескек есу шеберлері жүлдеге таласпайды. Е және F тобында ширек және жартылай финалға шыға алмаған спортшылар ішінде орын үлестіріледі.