Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмады.
«Түнімен ұйықтай алмадым...»: депутат Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты
Фото: Сали Сабиров коллаж: massaget.kz
1,413
оқылды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек», - деп жазды депутат.

Еске салайық, бұған дейін Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмады. Ол қола медаль үшін өткен белдесуде швед қызы Тара Бабулфазға жол берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.