Екінші орында Өзбекстан, бұл елге 58,37 мың транзакция жасалған.
Елімізден шетелге ақша аударымының көбі Ресейге жіберілген
www.istockphoto.com
1,388
оқылды

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының саны бойынша Ресей бірінші орында екені анықталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылдың маусымында елімізден шетелге 200,35 мың транзакция жасалған. Оның 98,29 мыңы Ресейге жіберілген. Екінші орында – Өзбекстан, бұл елге 58,37 мың транзакция жасалған.

Алайда мөлшеріне келсек, керісінше Өзбекстан 28,7 миллиард теңгемен (60,5 миллион доллар) бірінші орында болса, Ресейге 19,7 миллиард теңге (41,4 миллион доллар) қаржы аударылған.

Ұлттық банк ақша аударымдары бойынша алғашқы ондыққа кірген елдердің Түркия – 10,6 млрд теңге (22,4 млн доллар), Грузия – 4,9 млрд теңге (10,4 млн доллар) және Қырғызстан – 2,6 млрд теңге (5,5 млн доллар) екенін атап өтті.

Ал шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарында Ресейдің үлесі барлық транзакциялардың 40,6%-ын құрайды, бұл 5,3 млрд теңге (11,3 млн доллар).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.