Бақыт Кеңшілікұлы – ағаш технологі, ұлттық аспап жасайтын шебер.
Қазақтың танымал қолөнер шебері Бақыт Кеңшілікұлы қайтыс болды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
1,489
оқылды

Қазақстандағы атақты қолөнер шебері, 3 мыңнан астам аспап жасаған Бақыт Кеңшілікұлы қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жеткізді.

«Бақыт Кеңшілікұлы – ағаш технологі, ұлттық аспап жасайтын шебер. Ол 1966 жылы 15 тамызда Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгей өлкесінде дүниеге келген. 1995 жылы атажұртқа қоныс аударып, содан бері Өскемен қаласында тұрды»,  деп хабарлайды дереккөз.

Көзі тірісінде шебердің қолынан 3 мыңнан астам аспап шыққан.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.