Шамамен 18-20 жас аралығындағы жас қыз биіктен құлап кеткен.
Алматыда бойжеткен биіктен құлап, мерт болды
Фото: istockphoto.com
849
оқылды

Алматыда «Акварель» тұрғын үй кешенінің маңынан бойжеткеннің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 

Шамамен 18-20 жас аралығындағы жас қыз биіктен құлап кеткен. Куәгердің бірі қатты дыбысын естігенін айтты. Үйдің төбесінен, шамамен 12 қабат биіктіктен, жас қыз құлаған болуы мүмкін деді куәгерлер.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша Бостандық ауданы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Алматы ПД.