Соңғы уақытта елімізде болған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды.
Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар: Министр жолы болмай қалған түлектерге жаңа мүмкіндіктер бар екенін айтты
3,840
оқылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі осы жағдайға байланысты, жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлді, - деп жазды Aikyn.kz.

"Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық. 

Кешегі ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, біз де бірге қуандық. Бірақ өкінішке қарай,  грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біз біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен.

Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар!", - деп жазды министр Саясат Нұрбек.

🔹 Биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды.

🔹 Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді.

🔹 Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша екенін айту қажет.

🔹 Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді.

"Құрметті түлек, қадірлі ата-ана біздің мақсатымыз – ел экономикасына қажетті кадрлар дайындау.

Грант алу мүмкіндіктеріңіз қайталап жазам әлі де бар:

🌟 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.

🌟 Жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдік гранттары бар.

 🌟 KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.

🌟 Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.

🌟 Жұмыс берушілердің гранттары.

🌟 Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.

🌟 Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.

☀️ Ректорлардың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.

🌟 Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.

✅ Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз", - делінген министрдің жазбасында.