Нұрбек Оралбайдың еншісінде жастар және ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынымен қатар Олимпиаданың күмісі жүлдесі бар.
Нұрбек Оралбай Хижнякқа 2-3 есебімен жол беріп, Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Фото: Сали Сабиров, Владислав Семенов, Тұрар Қазанғапов
869
оқылды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

80 келі салмақта жұдырықтасқан Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа жол берді. Жекпе-жектің есебі: 2-3.

Осылайша, қазақстандық боксшы өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында үздіктер қатарына еніп отыр. 

Енді Нұрбек Оралбайдың еншісінде жастар және ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынымен қатар Олимпиаданың күміс жүлдесі бар.

Қазір Қазақстан делегациясында Париждегі доданың 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медалі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.