Үй сатып алғанда ескеретін басты факторларға орналасқан жері, шаршы метрінің құны және баспананың ауданын жатқызамыз. Ал қандай елдерде ауданы үлкен үйлер көп салынады?
Үлкен үйлер осы 5 елде салынса, Қазақстанда 1 669 азаматтың 10-нан астам жылжымайтын мүлкі бар
Фото eliteluxuryhomes.com сайтынан алынды
3,475
оқылды

Quartz сайты бірнеше елдің тұрғын үй нарығын зерттей келе, қандай елдің азаматтары ауданы үлкен баспананы қалайтынын анықтаған. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz пайдалы ауданы үлкен үйлерді көп салатын елдердің тізімін көрсетеді.

Фото eliteluxuryhomes.com сайтынан алынды

Америка Құрама Штаттарында ондаған жылдар бойы бір отбасына арналған үйлердің ауданының ұлғаюы байқалады. АҚШ-тың ресми статистикасы бойынша 2015 және 2020 жылдар аралығында жаңадан салынған үйдің орташа шаршы метрі аз ғана түскен. Бірақ бір отбасылық үйлердің пайдалы ауданы ондаған жылдар бойы өсіп келеді.

2020 жылы салынған жеке үйдің орташа ауданы 690 шаршы метр болған. Салыстырмалы түрде 2010 жылы 4,2%-ға, ал 2000 жылы 9,9%-ға жоғары. Орташа жеке үйдің ауданы 2015 жылы 751 шаршы метр  болса, 2020 жылы орташа көрсеткіш төмендеген. Сарапшылар мұны қаржылық дағдарыстан кейінгі экономиканың баяу қалпына келуімен байланыстырады.

«Көптеген сатып алушылар, тіпті қаржылық жағынан ауқатты адамдар да жаңа үй нарығына қызықпай отыр. Егер сіз 2009 және 2015 жылдар аралығында құрылысы басталған жаңа үйдің жалпы сипаттамасына қарасақ, баспананың аумағы кеңейіп, үлкейген. 2009 және 2015 жылдар арасында олардың сапасы жыл өткен сайын жақсара түскен, – дейді Үй құрылысы ұлттық қауымдастығы  вице-президентінің көмекшісі Роуз Квинт.

Фото eliteluxuryhomes.com сайтынан алынды

Бір қызығы, экономикалық құлдырау кезеңінде салынған жаңа үйлердің ауданы да, сапасы да жақсарған. Дегенмен соңғы онжылдықтағы өсімге қарамастан, АҚШ бір отбасына арналған үлкен ауданды үйдің саны әлемде көш бастап тұрған жоқ.

Жеке кілемдер сататын Perfect Rug веб-сайты жақында үй өлшемдері ең үлкен елдерге талдау жасады. Компанияның талдауы ең үлкен бір отбасылық үйлері бар елдерді анықтау үшін World Population Review, Statista, Eurostat және ресми санақ жазбаларының деректеріне сүйенді.

Рейтинг орташа шаршы метрге негізделген, бірақ зерттеу сонымен қатар әр елдегі үй шаруашылығының орташа ауданын, сондай-ақ тұратын мүшелер саны бойынша үй шаруашылықтарының пайызын, отбасының тығыздығын және үй иелену деңгейі туралы деректері ескеріледі.

Осы мәліметтер негізінде бір отбасына арналған үлкен үйлердің қандай елдерде көп екенін анықтаймыз.

Ауданы үлкен үйлер бойынша әлемдегі үздік 5 ел

Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы:  Getty Images / Kieran Stone

Бірінші орында Аустралия

 Аустралиялық үйлердің көлемі орта есеппен 701 шаршы метр. Ал халқының 66,3%-ында жеке үйі бар. Бір үйде, яғни отбасында орта есеппен 2,5 адам тұрады. Бұлардың есебінше, ол шағын ғана үй. Міне, сол баспана әлемдегі үздік көлем бол саналады. 

Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы:  Getty Images / Scott E Barbour

Екінші орында Жаңа Зеландия

Жаңа Зеландиядағы үйлердің ауданы - орташа есеппен 660 шаршы метр. Жаңа зеландиялықтардың 64,5%-ның үйі бар. Орташа отбасы саны - 2,67 адам.

Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы:  Getty Images / Alexander Spatari

Үшінші орында АҚШ

Америкалық үйлердің ауданы орта есеппен - 661 шаршы метр. Үй шаруашылығында орташа 2,49 адам, америкалықтардың 65,9%-ның жеке баспанасы бар.

Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы:  Getty Images / Rawfile Redux

Төртінші орында – Канада

Канадалық үйдің орта көлемі - 593 шаршы метр, ал халқының 66,5%-ы - үй иелері. Үй шаруашылығының орташа саны 2,45 адамнан тұрады.

Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы:  Getty Images / Sylvain Sonnet

Бесінші орында Мальта

Мальта әлемдегі үйлердің орташа ауданы бойынша бесінші орында тұр. Орташа көлемі - 524 шаршы метр. Үй шаруашылығының орташа мөлшері 2,85 адам. Халқының 81,9%-нда өз үйі бар. 

Фото ortcom.kz сайтынан алынды

Қазақстандағы жағдай қандай?

Tengrinews.kz сайтының сауалына берген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 6,44 миллион адамның кемінде бір баспанасы (пәтер немесе жеке үйі) бар екен. Бұл халықтың жалпы санының 32%-на тең. Ал жоғарыда келтірілген бестікке енетін елдердің халқының 60%-ы жеке баспанаға ие болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бойынша 2 есеге жуық аз.

Елімізде тіркелген жылжымайтын мүлік саны 7,3 млн болса, олардың ішінде:

944 мың 849 азаматта – 2 жылжымайтын мүлік;

286 мың 502 азаматтың – 3 және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар;

1 669 азаматта – 10-нан астам жылжымайтын мүлік тіркелген.

Екі және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар шамамен 1,2 млн азаматты ескере отырып, 5,24 млн қазақстандықтың кемінде 1 пәтері немесе үйі бар екенін айта аламыз.

Егер орта есеппен бір отбасында 3 адам бар деп есептесек, онда шамамен 15,72 млн қазақстандықтың баспанасы бар. Болжамды түрде 4,3 млн отандасымыз әлі де баспанасыз деп айтуға болады. Мемлекеттің көмегімен әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға баспана берілсе, қалған қазақстандықтар өзінің еңбегі мен білімінің арқасында баспаналы болуға мүмкіндіктер жасалуда. Бұл жерде халықты жұмыспен қамту, еңбегіне лайықты жалақы беретін жаңа дәуір талабына сай жұмыс орындарын ашу да мемлекеттің басты стратегиясына айналғаны маңызды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.