Елдос Сметов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингінде 5-орында тұр.
Елдос Сметовтің дзюдодан әлемдік рейтингтегі орны жаңарды
©Сали Сабиров
2,822
оқылды

2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Sports.kz мәліметінше, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алғанға дейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингінде 22-орында болған.

Ал қазір 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған кестеде Сметов бірден 17 сатыға көтеріліп, 5-орында тұр.