2023 жылдан бері іздеуде жүрген Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиев ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.
Кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиев ұсталды
Фото: Антикор
5,789
оқылды

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2023 жылдан бері іздеуде жүрген Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиев ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.

Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінді.

Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.

Биылғы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында Дархан Өмірәлиев ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Дархан Өмірәлиевті Қырғыз Республикасының шекарасынан өткізіліп, Алматы қаласына жеткізілді.

Қазір күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.