Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанған Демеу Жадыраевтың туған ауылын көрсетті.
«Асфальт мүлдем болмаған сияқты»: Айнұр Тұрсынбаева Демеу Жадыраевтың ауылын көрсетіп, видео жариялады
Фото: видеодан алынды
2,545
оқылды

Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанған Демеу Жадыраевтың туған ауылын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бауырымыздың жарысын бәріміз күттік қой. Олимпиаданың күмісі бұйырған екен, құтты болсын. Үшарал халқы алаңға шығып осы жарысты тамашалаған екен. Чемпион ұлдардың ауылына жасалған жағдай бізге де жасала ма деген үміт те бар еді ғой. Осындай батыр ұлдың ауылына да асфальт төсеп, Жетісу жұрты тік тұрып қарсы алғалы жатқан шығар. Медаль құтты болсын, қазақ елі», – деп жазды ол.

Еске салсақ, осыған дейін Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтің үйіне баратын жолға Жамбыл әкімдігі асфальт төсеп берген еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.