Олимпиада ойындарының финалдық жекпе-жегінде өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері украиналық Александр Хижняк Нұрбектің қарсыласы болды.
Париж-2024: Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Фото: gov.kz
609
оқылды

Бүгін, 8 тамызда 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы Нұрбек Оралбай XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының финалдық жекпе-жегінде өткен Олимпиаданың  күміс жүлдегері украиналық Александр Хижняк Нұрбектің қарсыласы болды. Финалдық кездесу мыңдаған жанкүйер үшін эмоцияға толы болды және Александр Хижняктың жеңісімен аяқталды.

Астанада Нұрбек Оралбайдың жекпе-жегін тікелей эфирде достары, жаттықтырушылары мен спортшылары «Толқын» спорт кешенінде, сондай-ақ отбасы ата-анасының үйінде тамашалады.

Нұрбек Оралбай 2000 жылы 11 маусымда дүниеге келген. 2024 жылғы Олимпиадада онымен бірге егіз ағасы Айбек те өнер көрсетті, ол ширек финалда әзербайжандық боксшы Лорен Альфонсодан жеңіліп қалды.

Ағайынды боксшылар бұл спортқа күтпеген жағдайда келді. Алдымен әкесі ұлдарын күреске бергісі келген, өйткені өзі ұзақ жылдар осы спортпен айналысқан. Алайда ол Нұрбек пен Айбектің арманына тосқауыл болған жоқ, сондықтан 2009 жылы олар бокс спортына ауысты.

«Бірде әкем бауырым Айбек екеумізді Астанадағы «Алатау» спорт кешеніне алып барды. Ол бізді күреске бергісі келген еді. Бірақ ол жерде кездейсоқ жағдайда Асқар Еркебаев есімді жаттықтырушымен кездесіп қалдық. Ол: «Мен көптен бері осындай егіздерді боксқа беруді және оларды чемпион етуді мақсат етіп жүрмін» деді. Жаттықтырушымыздың бұл сөзінен кейін әкем қарсылық танытпады. Осылайша біз бокс залына бардық», – деді Олимпиада жүлдегері.

«Екінші әкесі» атанған бапкер Асқар Еркебаев 15 жылдан бері барлық жарыста чемпиондарға жаттықтырушы болып жүр. Нұрбектің қоржынында жасөспірімдер Олимпиадасының, жастар арасындағы әлем чемпионаттарының, ересектер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарының алтын медальдары бар. Енді – Олимпиада-2024 медалі.

Осыған дейін дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын. Күміс медальді гимнаст Нариман Құрбанов, балуан Демеу Жадраев жеңіп алды. Ал құрмет тұғырының үшінші сатысына алматылықтар көтерілді: шебер татами Ғұсман Қырғызбаев және мергендер Ислам Сәтбаев пен Александра Ле. Сол сияқты боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.