Жазбада бұрынғы әйелін ұрғанын мойындағаны әншінің аудиожазбасында анық көрсетілген.
"Барлығы өзіңнің тілеп алғаның": "Меломен" тобының әншісі бұрынғы әйелін ұрғанын мойындады
Фото: фотоколлаж
2,262
оқылды

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің ұрғанын мойындаған аудиожазбасын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жазбада бұрынғы әйелін ұрғанын мойындамаған әншінің аудиожазбасы анық көрсетілген.

 "Иә, ұрғаным рас. Мен сені жұдырықпен ұрған жоқпын. Қолым ауыр, 5-6 рет шапалақпен ұрдым. Барлығы өзіңнің тілеп алған шапалағың. Мұрныңның сынғаны да бір-ақ соққы. Аузыңды тыймағандықтан болды", – деп жауап берген әнші. 

Алайда әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқырманның "Нұрилланы қанша рет ұрдың?" деген сұрағына "0 рет" деп жауап берген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.