Михаил Бойко балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген.
Мемлекетке 400 миллион теңге залал келтірген қазақстандыққа іздеу жарияланды
Фото: видеодан алынды
678
оқылды

ҚР азаматы Бойко Михаил Адамовичке (1963 жылғы 25 маусымда туған) іздеу жарияланды. Ол қылмыс жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарлауынша, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдіктелуде.

«Михаил Бойко балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз», – деп жазды ҚМА.

Хабарласуға болатын нөмірлер:

+7-701-218-05-23, +7-701-121-47-65, -7-7272 - 79-29-56.

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.