Биыл алты ай ішінде Қазақстанда 184,7 мың бала дүниеге келген.
Қазір Қазақстандағы халық саны қанша?
2,012
оқылды

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам. 6 айда халықтың жалпы өсімі 125 867 адамды құрады.

2024 жылдың алты айында Қазақстанда 184,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 118,6 мың адамға жетті.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам), Түркістан (24,78) облыстарында және Шымкент қаласында (23,55) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) байқалды. Бұл осы облыстардағы халықтың жас құрылымына байланысты жағдай.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.