Бұл Олимпиадада Қазақстан бір алтын, үш күміс, үш қола медальмен тәмамдады.
Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасын аяқтады
899
оқылды

Дзюдодан 60 келіде Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күмісті спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов (тұғырлы ат жаттығуы) мен грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (77 келі), боксшы Нұрбек Оралбай (92 келі) иеленді.

Қола медальді нысана көздеуден командалық жарыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле (тапаншамен 10 метрден ату), дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), бокстан Назым Қызайбай (51 келі) алды. 

11 тамыз 14:30-дағы жағдай бойынша Қазақстан жалпы есепте 41-орында тұр. 

Токио-2020 Олимпиадасында ел спортшылары 8 қола медальмен шектелген. 

Қазақстан Париж Олимпиадасында үміт артқан боксшылар бұл жолы да алтын медальсыз қалды. Токио-2020 Олимпиадасында да боксшылар алтын медаль иелене алмаған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.