Әуекомпания қандай шешім қабылданғаны жайлы алдағы уақытта хабарлайды.
Егіздің сыңарын әуежайға тастап кеткеннен кейін FlyArystan басшысы Жазира Мусинамен кездесті
Фото: FlyArystan
1,233
оқылды

FlyArystan әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер Орал қаласына барып, 12 жастағы қыздың анасы Жазира Мусинамен кездесіп, кешірім сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді. Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды. Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен алдағы уақытта бөліседі», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында. 

Айта кетейік, оқиға Астанада болған. Егіз қыз басқа балалармен бірге Орал қаласына ұшпақшы болған. Астана-Орал бағытында ұшқан «FlyArystan» әуекомпаниясының ұшағынан қалып қойған. Жасөспірім үш сағат бойы тіркейтін жерде жылап отырды. 

Анасы сотқа арызданатынын айтқан. Айтуынша, компания 4 миллион теңге моральдық өтемақы ұсынған. Басшылық жеке кездесуге де тырысты. Бірақ жәбірленуші ол ұсыныстан да бас тартып, сотта кездесеміз деп жауап берген. Дегенмен компания басшысы Оралға өзі іздеп барып, кездесті.

Әуекомпания қандай шешім қабылданғаны жайлы алдағы уақытта хабарлайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.