Бір жыл бойы күткен жаңа смартфон iPhone 16 Pro келесі айда ресми түрде таныстырылады. Оның қандай жаңа мүмкіндіктері белгілі болды?
Келесі айда шығатын iPhone 16 Pro-ның жаңа функциялары белгілі болды
Apple келесі айда көптен күтілген iPhone 16 Pro шығарады. Фото pocket-lint.com сайтынан алынды. Авторлығы: Liz Huang
2,756
оқылды

Жаңа iPhone 16 смартфоны туралы, оның жаңа функциялары туралы bgr.com сайты қысқаша жазба жариялады. Осы мақаланың негізінде Aikyn.kz жаңа смартфонның техникалық сипаттарын талдайды.

Бір жылға жуық қауесеттер мен желіде пайда болған нұсқалардан кейін жаңа модельдердің көптеген мүмкіндіктері расталды. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Apple

Apple келесі айда көптен күтілген iPhone 16 Pro шығарады. Бір жарым жылға жуық қауесеттер мен желіде пайда болған нұсқалардан кейін жаңа модельдердің көптеген мүмкіндіктері расталды. Біз iPhone 16 Pro-да көретін алты мүмкіндігін талдаймыз. 

Бірінші, дисплей өлшемі ұлғаяды

Сарапшы Росс Янг бірінші болып Apple компаниясы iPhone 16 Pro үлгілерінің дисплей өлшемін үлкейтетінін айтты. Содан бері бірнеше дереккөз оның мәлімдемесін растады, сондықтан негізгі модельде 6,3 дюймдік дисплей болады деп күтілуде. Ал iPhone 16 Pro Max 6,9 дюймдік дисплеймен жабдықталады. Бұл салыстырмалы түрде шағын өзгеріс, бірақ ол басқа да бірнеше артықшылықтарға жол ашады.

Түсіру батырмасы (Capture) туралы қауесеттер біраз уақыттан бері айтылып жүр. Фото youtube.com платформасынан @Technizoconcept каналынан алынды

Екінші, жаңа батырма орнатылады

Түсіру батырмасы (Capture) туралы қауесеттер біраз уақыттан бері айтылып жүр. Бұл жаңа батырма камера үшін пайдаланылады және ол тіпті DSLR камерасына ұқсас жұмыс істей алады. Батырманы жартылай басса, ол фокусты немесе экспозицияны қажетті режимде бекітуі мүмкін.

Үшінші, әрбір үлгіде Periscope объективі болады

Көпшілікті ең қызықтыратын қауесеттердің бірі – iPhone 16 Pro-ға Periscope линзасының келуі. Қазіргі уақытта ол iPhone 15 Pro Max үшін эксклюзивті түрде орнатылған. 16-шы смартфонның барлық Pro үлгілеріне 5x оптикалық масштабтау қойылатын сияқты.

Негізгі камераға 48 мегапиксельді линза қосылып, ол ультра кең бұрышты сенсорға дейін кеңейтіледі. Фото xda-developers.com сайтынан алынды

Төртінші, ультра кең бұрышты объектив жаңартылады

Негізгі камераға 48 мегапиксельді линзаны қосқаннан кейін Apple оны ультра кең бұрышты сенсорға дейін кеңейтеді. Фотосуреттер бұрынғыдан да жақсы сапада болады.

Бесінші, батареяның қызмет ету мерзімі ұлғаяды

Бірнеше инсайдерлер iPhone 16 Pro және 16 Pro Max батареяларының қызмет ету мерзімі ұзарады деп болжауда. Соңғы бірнеше жылда аккумулятор көп жаңартыла қоймаған соң, iPhone иелері ендігі модельдерде қуаттау қоры толық бір күнге жетеді деп ойлайды. Бұл болжамдар 16-шы смартфондарда болуы мүмкін. Қолданушылар жаңа iPhone-дарға ұзақ қызмет ететін батареялар қойылады деп сенеді.

Алтыншы, Apple Intelligence қойылуы мүмкін

Жаңа A19 процессорларымен Apple компаниясы жақында жарияланған Apple Intelligence жасанды интеллект платформасы ұсынылуы мүмкін. ЖИ-дің көптеген мүмкіндіктер осы күзде дайын болмаса да, бұл жасанды интеллект шынымен де болашақ iPhone нұсқаларында болатынын дәлелдейтін қадам болмақшы.

Қазірше iPhone 16 Pro-ның жаңа мүмкіндіктері туралы жинақталған, ықтималдығы жоғары техникалық сипаттар осылар. Енді Apple-дің келесі айда жаңа телефондарының тұсаукесер шарасына қатысып, осылардың дұрыстығын тексеру ғана қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.