Париж Олимпиадасында жүлдеге ілінбеген теннисші Кирилл Герасименкоға Астанадан 2 бөлмелі пәтер берілді.
Олимпиадада жүлдеге ілінбеген қазақстандық теннисшіге Астанадан 2 бөлмелі пәтер берілді
Фото: instagram/ttfrk
1,098
оқылды

Париж Олимпиадасында жүлдеге ілінбеген теннисші Кирилл Герасименкоға Астанадан 2 бөлмелі пәтер берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Франция астанасында өткен Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сында команданың көшбасшысы Кирилл Герасименко 9-орынға ие болды. Бұл – Қазақстанның үстел теннисі үшін үлкен жетістік. Бұған дейін қазақстандық спортшылардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген. Осы жетістіктің нәтижесінде Герасименко әлемдік рейтингте 46-орыннан 37-орынға дейін көтерілді", – деп жазылған Қазақстан үстел теннисі федерациясының Instagramдағы парақшасында.

Осылайша, федерация Кирилл Герасименкоға елодадан 2 бөлмелі пәтер сыйлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.