Спортшының жеке бапкері Боранбек Қоңыратов та шәкіртімен бірге билеп жүр.
Батырымызға жарасады: Демеу Жадыраевтың биі желіні шулатты
1,556
оқылды

Әлеуметтік желіде грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраевтың билеген видеосы тарады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Біздің батырға не істесе де жарасады. Бұл Демеудің жаттықтырушысының ойлап тапқаны. Жай ғана би деп ойлап қалмаңыз, спортшының дене қыздыруына арналған жаттығуы”, – деп жазды Dauletten парақшасының админі. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, спортшының керемет билейтінін жарыса жазып жатыр. 

“Олимпиададан орын алдың, енді қалай билесең де жарасады”, “Алтын алғандай билеп жүр”, “Күресіп жүре бересің-ау”, “Сметовтің биі шынайы шыққан сияқты”, “Бұл грек-рим күресшілерінің "Разминка" деген биі. Өз сұраныстарымен шақырдық, бапкерімен билеттік. Еш әбестігі жоқ,  батырымызға жарасады”, – деп жазып жатыр жанкүйер қауым.