Ғалымдар тобы дәріні миға тікелей жеткізетін жаңа әдісті сынап жатыр. Миға дәріні дәл жеткізу өте қиын болғандықтан, оны емдеу бүгінге дейін өте күрделі болып келді.
Паразиттер миға дәрі тасып емдейді
Паразитті пайдалану арқылы ми жасушаларына емдеуге қажетті емдік ақуыздарды тікелей жеткізуге болады. Фото 1gai.ru сайтынан алынды
1,867
оқылды

Миды емдеудің жаңа әдісін жариялаған bgr.com сайтына сүйенген Aikyn.kz науқастарды емдеуде паразиттерді қолданудың ерекшеліктерін түсіндіреді.

Мидың нейрондық желілері – Жаратушының құдіретінің белгісі. Фото scientificrussia.ru сайтынан алынды. Авторлығы: 123rf.com

Израиль, АҚШ және бірнеше Еуропа елдерінің ғалымдар тобы науқастың миына дәріні тікелей жеткізу үшін «медициналық паразиттерді» қолдануды ұсынды.

Ми өзіне келген дәрінің бәрін қабылдай бермейді. Сондықтан мидың бұзылуын емдеу әдістерін табу әрқашанда қиын болды.

Ғалымдар енді паразитті дәріні жеткізуге қолдану мүмкіндіктерін зерттеуде. Олар сынап жатқан паразит – бір жасушалы ми паразиті. Миға өздігінен еркін кіретін паразитті пайдалану арқылы тікелей ми жасушаларына емдеуге қажетті емдік ақуыздарды жеткізуге болады. Ми жасушаларының қандай препараттарды қабылдауға болатын  мүмкіндігін ескерсек, бұл – бірегей және қызықты тәсіл болуы мүмкін.

Қазір науқасты емдеу үшін оған сол аурудың немесе вирустың аз мөлшерін жұқтырады. Содан кейін науқастың ағзасы аурумен күресуге дағдыланып, айығып кетеді. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Adobe / Stockdevil

Дәрілерді ми жасушаларына тікелей жеткізу үшін медициналық паразитті пайдалану идеясы әртүрлі вакциналарды жасауға көмектескен белгілі тұжырымдамаға негізделген. Бұл концепция бойынша науқасты емдеу үшін оған сол аурудың немесе вирустың аз мөлшерін жұқтырады. Содан кейін науқастың ағзасы аурумен күресуге дағдыланып, айығып кетеді.

Бүгін біз тұмауды және тіпті COVID-19-ды емдеу үшін дәл осы тұжырымдаманы қолданамыз. Дәрілік препараттар көптеген аурулар мен ауытқуларды емдеудің ыңғайлы әдістерін ұсынса да, ми көп препараттарды өзінің жасушаларына өткізбей тастайды.

Сондықтан мидың осындай сүзгілік қасиеттерін жеңе алатын және препаратты зақымдалған ми жасушаларына тікелей жеткізе алатын «көлік» қажет. Бұл жерде токсоплазма деп аталатын паразиттер көмектесе алады, олар әртүрлі жануарлар мен адамдарға ауру жұқтырады. Яғни, инфекциялар осы паразиттер арқылы миға енеді.

Токсоплазмалар мидың гематоэнцефалдық бөгеттері арқылы өтіп, ми жасушаларына тікелей ене алады. Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Adobe / Chokniti

Ауру тарататын инфекциялар адамға бірнеше жолмен жұғуы мүмкін, соның ішінде инфекция үй жануарларының нәжісіндегі спораларды жұту немесе ластанған суды, тағамды тұтыну арқылы жұғады (кейбір адамдар мысықтары мен иттерін сүйіп жатады. Сұмдық!!!). Ал токсоплазмалар медициналық паразиттер рөлін жақсы атқара алады. Өйткені олар мидың гематоэнцефалдық бөгеттері арқылы өтіп, ми жасушаларына тікелей ене алады.

Бұл қасиет оларды тікелей миға керек дәрілерді жеткізудің тамаша құралына айналдырады. Зерттеушілер бұл идеяны Toxoplasma-ның мидың жасушасына белоктарды кіргізу үшін пайдаланатын жүйесін бұзу арқылы тексерді. Содан кейін олар арнайы токсоплазма жасап, оны гибридті ақуызға айналдыру үшін қолданды.

Бұл зерттеудің нәтижелері мен ғалымдар тобының бұдан арғы жоспарлары туралы мақала Nature Microbiology журналында жарияланды. Әзірше пациенттің миына паразиттерді жіберу әлі де алыс көрінгенімен, ол болашақта медицина саласына өте пайдалы тәсілге айналуы мүмкін.

Мына видеода мидың жасушаларын жасартатын күлкіге толы оқиға көрсетілген. Жұмыс күні сәтті болсын! 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.