Ата-аналарының айтуынша, олардың 8 және 10 жастағы балалары күтпеген жерден жоғалып кетіп, олар бірден полицияға жүгінген.
Жетісу облысында екі бала жоғалып кетті
Фото: polisia.kz
657
оқылды

Жетісу облысында екі бала жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Ата-аналарының айтуынша, олардың 8 және 10 жастағы балалары күтпеген жерден жоғалып кетіп, олар бірден полицияға жүгінген.

Іздестіру иттерінің көмегімен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері балаларды көп ұзамай тапты. Олар үйлеріне оралды. Балалар дін аман. Жергілікті тұрғын полицейлерге кәмелетке толмаған екі баланы тез арада тауып бергендері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.