Шағым көбейгеніне байланысты тексеріс жүргізіледі.
Air Astana мен FlyArystan әуекомпанияларына тексеріс жүргізіледі
Фото: FlyArystan
776
оқылды

Азаматтық авиация комитеті Air Astana АҚ және FlyArystan АҚ әуекомпанияларына жолаушылар тарапынан шағым көбейгеніне байланысты тексеріс жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқығын сақтауға қатысты көптеген шағым түскен.

«Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды. Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен Air Astana АҚ мен FlyArystan АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.