Ит сырттаны – алаңда
Ит сырттаны – алаңда
754
оқылды
«Бөрібасарлардың күрескерлік қасиетін сынақтан өткізу» деген атпен танымал болған ит таластыратын турнир елімізде бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Бірақ былайғы жұрт бұл турнирдің өтетінінен бейхабар. Ит асырайтындар мен итке қызығатын адамдар ғана чем­пио­нат­ты жібермеуге тырысады. Олар қала шетінде орналасқан алаңдарға жиналып, темір тордың ішіндегі төбет таласын қызықтайды. Үздік төбеттерден тұқым алуға асығады.    width= Соңғы кезде көпшілік арасында «ит та­ластыру қайдан пайда болды?» деген са­уалдар жиі қойылып жүр. Ит талас­ты­руды бірі құптаса, ал енді бірі мұны жан-жан­уарларға жасалған қастандық деп есеп­тейді. Қазақтың ежелден бұл иттің тұқымын қастерлеп «төбет» деп атауы да тегін емес. Төрт түліктің күзетшісіне айналған төбеттердің бір кезде құрып кету қаупі жо­ғары болғаны да рас. Дегенмен бүгінде ха­лық болып жұмылып қайтадан қолға ал­ған шара жемісін беріп, төбет саны кө­бейе бастады. Жан-жақтан жиналған тө­бет өсірушілер қоғамдық бірлестік құ­рып, таза тұқымды төл алуды қолға алды.    width= Негізінен, шараны ұйымдастырушылар «ит таластыру» деген сөзді көп қолдан­бай­ды. Оның орнына «төбет тұқымын сұрып­тау, төбетті сынақтан өткізу» немесе «төбеттер турнирі» деп атайды. – Тестілеп тексеру деген ит таластыруға жат­пайды. Мысалы, зоотехникалық жұ­мыс­­тарда ірі қараны сауады да, сүтіне қарап соның майлылығы, сиырдың қан­ша литр сүт беретінін анықтайды. Егер көңі­­лінен шықса, сол тұқымды көбейтеді. Жыл­қыны шаптыртады. Иттердің бірін­ші кезекте жағының күштілігі мен жүректілігіне мән береді. Соған қарап иттерді іріктеп, оның аталығы мен аналығын алып, тұқы­мын жақсартады. Ал ит таластыру деп пит­бул­дердің айқасын айтуға болады. Олар ит­терін аяғы сынып кеткенше, құла­ғы жұ­лынып қалғанша таластыра бере­ді. Біздікі жай тестілеп тексеру, – дейді Алматы облысындағы жарысты ұйым­дас­тырушы, төбетті тестілеп тексеру қыз­мет­кері Әбдірахман Сейітжанов.   [caption id="attachment_27277" align="alignnone" width="780"] width= Ақтабанның жүлде алған сәті[/caption] Ол төбет тұқымын сұрып­тау­дың, төбеттерді сынақтан өткізу ере­жесіне де тоқталды. – Бес салмақ бойынша айқасқа түсетін иттер бір-біріне үрмеуі, ырылдамауы және азуын көрсетпеуі керек. Нағыз төбеттер дыбыс шығармай таласады. Екіншіден, құйрығын ішіне қарай тықпауы керек. Үшін­шіден, рингке кіргісі келмей тұрса, иесі жарысқа қатыстыра алмайды. Авто­матты түрде жеңіліс жазылады. Ит­тер 3 раунд бойы төбелеседі. Бұл жерде 1-раундқа белгіленген арнайы уақыт жоқ. Егер екі ит те шаршайтын болса, аз уақыт тынықтырып алады да екінші раундқа дайындайды. 2-раундта да сол жағдай қайталанады. Шешуші үшінші раунда қай ит белсенділік танытады, соған жеңіс жазы­лады. Мұндай турнирде міндетті түрде ветеринар, 3 төреші болады. Арнайы ринг жасалады. Жекпе-жек барысында иттің бірі сәл басымдық танытса, сайыс бірден тоқтатылып, жеңімпаз анықталады. Тестілеп тексеруде қан жоса болып, бір ит­тің екіншісін өлтіріп тастағанша талауы деген мүлдем жоқ, – дейді білікті маман.    width= Төбет асыраушы тараздық Ерболат Мамырбаев төбетті тестілеуден өткізуге ты­йым салу – асыл тұқымды иттің түрінен айы­рылу деп есептейді.
– Ит 1 жасқа келген кезде иесіне міне­зін көрсете бастайды. Тістейді, үреді. Көпшілігі «ойбай, итім құтырды» деп атып тастайды. Ал ит асыраушылар оны жақсы біледі. Итті күшік кезінен тәрбиелейді. Тө­бетін тестілеуден өткізетіндердің итін қа­лай бағып-күтетінін көрсеңіз таң­ға­­ласыз. Кез келген итті тестілеуден өткізбейді. Үйді күзететін иттер мұндай жерде төбелеспейді. Себебі неде? Ол жерде иттің сырттандары ғана таласады. Жүректі, мықты иттер ғана қатысады. Мықты иттердің иесі де төбетіне лайықты қарсыластарды таңдап, солармен ай­қас­ты­рады. Үлкен чемпионаттарда бір­неше көлік, өзге де бағалы сыйлықтар жүлдеге тігі­леді. Олардың жарнасы бар. 50-100 мың теңге төлеп қатысады. Бәрі заңды түр­­де ұйым­дастырылады. Турнир қаланың шет жа­ғындағы арнайы алаңдарда, ста­дион­дарда өтеді. Итті дайындау да оңай емес. Қаланың ішіне шығарып дайын­дай алмайсың. Өйткені көпшілік жүре­тін жер­лер ыңғайсыздық туғызады. Сон­­дық­тан қала­ның шетіне апарып дайын­дай­сың. Ма­шинамен, атпен немесе велосипедпен итіңді ілестіріп жүгіртесің, – дейді төбет асыраушы.
Бізбен әңгіме барысында журналист Нұр­сейіт Жылқышыбай да бір кездері ит талас­тырғанын айтып, өзінің тәжірибесі­мен бөлісті.   https://www.youtube.com/watch?v=C1tEf49e63Q – Ит таластыру ТМД елдерінде кеңі­нен танымал. Байрақты бәсекелерде қа­з­ақ­тың көк туын желбіретіп жүрген Ала­пар, Қаракене деген иттеріміз бол­ған. Нағыз төбеттер, жүндес иттер. Спорт­тық карьерасында 1-2 ғана жеңілісі бол­ған. Жүзге жуық қарсыласын жеңген. ТМД мемлекеттерінің ит­те­рімен шай­қас­қан кезде оған талай мәр­те куә бол­дық. Көптеген азаматымыз Түр­кі­мен­станға, Ауғанстанға барып кезінде біздің тау асып кеткен, бабаларымыздың артынан еріп кеткен иттердің тұқымдарын алып келіп жатыр. Бірақ оны үлкен қаражатқа әкелуде. Қорқыныш дегенді білмейтін стаффорд пен питбульді өзіміздің төбетпен шағылыстырып жаңа тұқым алып жүрген азаматтар да бар. Ондай тұқымға өз басым қарсымын. Бұл ретте өзіміздің төбет­­тері­міз­дің ешкімнен кем емес еке­нін айтқым келеді, – дейді Нұрсейіт Жыл­қы­шыбай.    width= Ол сонымен қатар Қазақстан чемпио­на­тына қатысатын кез келген ит бес қар­сы­ласпен алаңға шығатынын, айына бір итпен төбелесетінін, жеңген ит жең­ген­д­ерімен кездесіп отыратынын тілге тиек етті. Бірақ оның баптаған төбеті екінші-үшінші айналымнан ары аса алмапты. Дегенмен қазіргі кезде иттері ауылындағы фазендада жүр екен. Бұрын құлындарын қыс бойы қасқырға жем қылған ол биыл ешқандай малын ит-құсқа жегізбегенін және төбеттерін сынақтан өткізгеніне еш өкінбейтінін жеткізді.    width= Бір айта кетерлігі, Жануарларды қор­ғау қоғамдық қоры өкілдерінің ит талас­ты­ру туралы ойы мүлдем бөлек. Олар мұны жануар­ларға жасалған қатыгездік деп са­найды. Әрі таласқа түскен иттің де­не­сіне де, жан-дүниесіне де бірдей за­қым келетінін алға тартады.
Көпшілігі ит таластыруды жекпе-жек спорт түрімен салыстырады. Спорт­шы­лар жекпе-жекке саналы түрде шыға­ды ғой. Жарақаттанса, емделеді. Ал итте таңдау болмайды. Таластан кейін кей­бір иттер қиналып өледі. Тіпті, иелері олар­дың эвтаназия арқылы қиналмай өлуі­не кө­мектеспейді. Сондықтан мұндай қаті­гез­­дікке заң жүзінде толық тыйым салу керек, – дейді «Care-забота» қоғамдық қорының өкілі Ирина Фурсова.
Ол сондай-ақ ит таластыруға заң жү­зін­­де тыйым салынбағандықтан, оның қаты­­гездік екенін дәлелдеу қиын екенін, елде ондай қылмысы үшін жазаланғандар жоқ екенін айтты.    width= Мақала барысында елімізде «Бөрі­ба­сар – қазақ төбеті» республикалық феде­ра­циясының бар екенін, олардың түпкі мақ­са­ты – тұқымы азайған таза қанды иттердің санын көбейту екенін білдік. Ал ол үшін төбет тұқымын сұ­рыптау, иттерді сынақтан өткізудің маңызы өте жоға­ры екен. Мамандар да өз кезегінде бұл істің орын­ды екенін растады. Абылайхан ЖҰМАШ