Кінәлі әйел аудандық ауруханада гинекологтің фельдшері болып жұмыс істеген.
ШҚО-да фельдшер өзіне жалған жүктілік анықтамасын жасап, жазадан құтылмақ болған
579
оқылды

ШҚО-да фельдшер жүктілік туралы анықтаманы қолдан жасап, әкімшілік жазадан құтылуға әрекеттенгені үшін сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Катонқарағай ауданы прокуратурасының мәліметінше, аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтің фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасаған. 

– Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған.

Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды. 

Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген хабарламада

2024 жылы 8 тамызда сот К.-ны тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.