Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Анасынан бата алдым": Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бекзат Саттархановтың шаңырағына барды
2,019
оқылды

Спортшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиада чемпионының шаңырағына барып қайтты.  Ол Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына барып, анасымен кездесті, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Іnbusiness.kz сілтеме жасап.

Ол Олимпиада чемпионының алтын жүлдесін тағып суретке түсті.

"2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына келіп, анасынан бата алдық",  деп жазды Базарбайұлы.

Еске салсақ, Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Бекзат Саттарханов 2000 жылы 31 желтоқсанда көлік апатынан қайғылы жағдайда қаза тапты. Туған өлкесі Түркістандағы зират аумағына жерленді. Бүгінде даңқты боксшының құрметіне туған қаласы Шымкентте Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі  ашылған.