Ол үшін арнайы байқаудан өту қажет.
Бұл – мүмкіндік! Қазақстандықтар Президенттің бір күндік жеке мобилографы бола алады
2,316
оқылды

Қазақстандықтар Президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Бұл туралы белгілі мобилограф Қыран Талапбек хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz. 

Қыран Талапбектің сөзінше, ең жас және креативті мобилограф Президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Бұл жаңа кәсіп еліміздің тарихын жасайтын – тарихи кезең.

"Құрметті,ханымдар мен мырзалар, барлық шәкірттеріміз бен мобилографтар, контентмейкерлер! ВИДЕОЛАРЫҢЫЗДЫ ТИКТОК және Инстаграмға #nomadgamesfest салыңыз.

Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жариялаңыз. Бұл – сіздің өзіңіздің қабілеттеріңізді көрсетіп, керемет сыйлықтар ұтып алатын мүмкіндігіңіз!", – дейді Қыран.