100 құлаққапқа таласқан жұрт желіде ұятқа қалды.
Ақтауда тегін құлаққапқа таласқан халық бірін-бірі таптап тастады
2,160
оқылды

Ақтауда тегін затқа таласып, бір-бірін таптаған жұртшылық видеоға түсіп қалды, – деп жазады Aikyn.kz.

Ақтаудағы ұялы телефондар дүкенінің иесі 100 AirPods, 100 телефон қаптағыш және телефонға арналған 100 әйнекті тегін таратқан. Соған балалар мен жасөспірімдер таласып, соңы дүрбелеңге айналды.

Таласқан халықтың арасында кейбірі қысылып қалған.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ұялы телефон компаниясы әкімдікке шара өткізетіні туралы хабарламаған. Сол үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.