«Қазгидромет» РМК 24-26 тамызға ауа райы болжамын жариялады.
Жаңбыр, бұршақ, жел: демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Фото: koktejl.azet.sk
1,032
оқылды

«Қазгидромет» РМК 24-26 тамызға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Қазақстанның басым бөлігінде белсенді циклон шығыс бағытта ауысып, жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, 24 тамызда солтүстікте және орталықта, 24-25 тамызда шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Түнде және таңертең еліміздің батысы мен солтүстігінде жекелеген аудандарда тұман күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.