Бұл туралы Астана қаласының Тұрғын үй орталығы мәлімдеді.
Астанада "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасы басталады
Ашық дереккөз
842
оқылды

2024 жылғы 4 қыркүйек сағат 9:00-ден бастап 2024 жылғы 10 қыркүйек сағат 23.59-ға дейін «Елорда жастары» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өтінімдерді қабылдау электронды түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша банк беретін кредиттік қарыздар саны - 75.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз жүгіне аласыз:

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы: Республика даңғылы, 32.

109 (ұялы телефондар үшін)  iKomek

300 (ұялы телефондар үшін) – «Отбасы банк» АҚ.

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан жолдама алған қатысушылар.

Кредит беру шарттары:

Бастапқы жарна қарыз сомасының 10%-ы;

Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі  жылдық 5%;

Қарыз мерзімі 19 жылды қоса алған мерзімге дейін;

Қарыздың ең жоғары сомасы  18 млн теңге.