15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жіберу және бетпердемен жүру режимін енгізу туралы хабарлама – фейк
Мектепте  бетперде тағу керек пе? – Министрлік мәлімдеме жасады
1,894
оқылды

Қазақстандық оқушылардың ата-аналары чаттар мен әлеуметтік желілерде тараған хабарға алаңдап отыр, деп жазады Aikyn.kz.

15 қыркүйектен бастап елімізде бетперде тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтан оқуға жіберіледі екен. Бұл – жалған, деп мәлімдеді Stopfake.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Мессенджерлердегі 15 қыркүйектен бастап балалар қашықтан оқуға жіберіледі және мекемелерде бетпердемен жүру режимі енгізіледі деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиологиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биылғы жылдың 15 қыркүйегінде тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Қаулымен толығырақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады. Барлық азаматты ресми ақпарат көздеріндегі сенімді мағлұматқа ғана сенуге шақырамыз», – дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.