Сот отырысында ол кінәсін мойындады.
Жүргізуші куәлігі жоқ, өзі мас: көлігімен ереже бұзған ер адам 20 тәулікке қамалды
2,025
оқылды

Қостанай қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 608-бабы  6-бөлігінде көзделген жүргізушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады,  деп жазады Aikyn.kz.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 22 тамызда Қостанай тұрғыны көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адам бола отырып, мас күйінде  Volkswagen VW 35I  маркалы көлігін басқарған.

 Сот қаулысымен жүргізуші әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.