Белгілі боксшы Жанқош Тұраров «қыз зорлады» деген күдікке ілінген еді.
Әлі бәрін естисіздер: Жанқош Тұраровтың әйелі ахуалдан хабардар екенін білдірді
1,298
оқылды

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіге шығып, Әнару Құрманәлінің сұхбатына жауап берілетінін айтты, деп хабарлады Aikyn.kz.

 Кешегі сұхбатқа байланысты менің не дейтінімді сұрағысы келіп отырғандар бар. Бірақ бізге әзірге ештеңе айтуға болмайды. Бәрін, Алла қаласа дүйсенбі күні естисіздер. Дүйсенбіде сұхбат алғысы келіп жатқан журналистердің бәрін күтеміз, – деп жымияды Клара Иса.

Осы сөз айтылған кезде әйелінің артынан боксшының өзі де көрінді.

Полицияның хабарлауынша, істі Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қозғаған.

Ал боксшы өзіне негізсіз айып тағылғанын айтты.

Боксшы зорлады деген әйел БАҚ-қа сұхбат беріп, алты жыл бойы алданып келгенін мәлімдеген.