Ол әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырғаны үшін сотталған еді.
Үкім 15 күнде күшіне енеді: Блогер Мұрат Әбділда мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды
1,182
оқылды

Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын шығады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Достар, сүйінші! Мұрат Әбділда түрмеден шықты. Сот әділ шешім шығарды. Енді соттың үкімі 15 күнде күшіне енеді. Бұл – біздің жұмысымыздың нәтижесі”, – деді құқық қорғаушы Молдахан Әділетхан.

Еске салайық, бұған дейін cот абақтыдағы белгілі қазақстандық блогер, әнші Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаcын айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмаған еді. 

"Мен сізден жаза шарттарын ауыстыруыңызды сұраймын. Бәрін түсіндім, бәрінен кешірім сұраймын! Бұл енді қайталанбайды. Өзіммен жұмыс істеп, лайықты өмір салтын ұстанамын! Жаза шарттарын айыппұлға ауыстыруыңызды сұраймын, түгел төлеуге дайынмын", – деген еді Мұрат Әбділда.

Дегенмен прокурор соттан сотталушының өтінішін қанағаттандырмауын сұрады. Кеңесуден соң судья Талғат Қахаров өз шешімін айтты.