Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Үкімет АЭС салу бойынша референдум өткізу туралы қаулы қабылдады
478
оқылды

Үкімет елімізде АЭС салу-салмау мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу жөніндегі Президент Жарлығы туралы қаулыны қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінгі Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС бойынша референдум өткізу туралы жарлық жобасын президенттің қарауына енгізу туралы қаулыны қолдауды сұрады.

– Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және «Республикалық референдумды өткізу туралы» Қазақстан Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Президентінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын. Референдум арқылы Қазақстан азаматтары тұрақты, тиімді және көміртексіз энергия көзіне негізделген еліміздің болашағы туралы шешім қабылдай алады, – деді Энергетика министрі.

Жалпыхалықтық референдумның нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.