Айсәуле Бақытбек жолдасы екеуінің суретін жариялап, гендер-патидің нәтижесін бөлісті. Ерлі-зайыпты тағы да қызды болады.
Айсәуле Бақытбек үшінші баласы туралы мәліметті жария етті
2,063
оқылды

Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақтыбек гендер-пати өткізіп, үшінші перзентінің жынысын жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Айсәуле Бақытбек гендер-пати шарасын тек ет-жақындарының ортасында өткізген. Блогер Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, алдымен туғандарының болжамын көрсетті. Жұлдызды жанұяның басым көпшілігі қыз болады деген ойларын айтқан.

Айсәуле Бақытбек артынан жолдасы екеуінің суретін жариялап, гендер-патидің нәтижесін бөлісті. Ерлі-зайыпты тағы да қызды болады.

"Әлішердің бағы тағы бір гүлмен толықпақ", - деп жазды блогер ару.

Желі қолданушылары оларды жарыса құттықтап, сәбидің аман-есен өмірге келуін тілеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.