«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалында партияның «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында балаларға оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.
«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы жалғасып жатыр
891
оқылды

Бұл акция партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Оның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке дайындауға мүмкіндік жасау болып табылады.

 

«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы 15 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы жылы да аталған акция өңірімізде бастау алуда. Облыс бойынша 1000-нан аса баланы қамту жоспарда бар. Жоба аясында бүгінге дейін 400 балаға 3 милионға жуық қаржы жұмсалды. Сондай-ақ, біздің кәсіпкер партияластарымыздың қолдауымен 1400 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтары табысталды. Мұндай игілікті бастама алдағы уақытта да жарасымды жалғасын тауып, бүлдіршіндеріміздің сапалы білім алуына мейлінше жағдай жасалатын болады», – деді филиал төрағасы Алмасбек Есмаханов.

Ізгі бастамаға Сыр халқы қызу қолдау танытып отыр. Қамқорлықты сезінген ата-аналар дән риза.

«Балаларды мектепке дайындау оңай емес. Қазір барлық дүние қымбат. Біздің отбасымызда қатарынан бес бала мектепке барады. Осындай шараларды ұйымдастыру үлкен көмек деп ойлаймын», – дейді көпбалалы ананың бірі.

Жалпы партия алаңында өткен шарада 25 оқушыға мектеп құралдары салынған сөмкелер табыстады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы