Сондай-ақ интернетке кіру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі.
Енді қазақстандықтар ұялы байланыс нөмірін тіркеу үшін биометриядан өтеді
1,440
оқылды

Енді еліміздің барлық азаматы ұялы байланыс қызметтерін алу үшін биометриялық тексерістен өтуі тиіс, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Адамдар абонеттік нөмірді тіркеп, оператормен байланыс орнату үшін бет-жүзін сканерлейді.

Цифрлық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, бүгінде абоненттік нөмірлер арқылы азаматтардың қаржысына қол сұғатындар көбейген. Ал бұл шара алаяқтықтың алдын алу мақсатында жасалмақ.

Сондай-ақ интернетке кіру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Егер азамат интернетті пайдаланғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжатын тіркейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.