Оқиғаны өз көзімен көрген ерікті қатыгез ер адамның әрекетін видеоға түсіріп алған.
Шымкентте иттерді аяусыз сабаған қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
384
оқылды

Шымкентте қалалық қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау орталығының қызметкері иттерді аяусыз ұрып тастады. Оқиғаны еріктілердің бірі көзімен көрген,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиғаны өз көзімен көрген ерікті қатыгез ер адамның әрекетін видеоға түсіріп алған.

«Бұл – жануарларды қорғаудың барлық нормалары мен заңдарын бұзу. Біз кінәлілер үшін әділдік пен жазаны, сондай-ақ осы қорғансыз тіршілік иелерін қорғауға тиісті заңдарды қатаң сақтауды талап етеміз»,  дейді Шымкент еріктілері.

Әзірге қызметкер жай ғана жұмыстан шығарылды.

Ал полиция еріктілердің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Еңбекші ауданының Полиция басқармасы жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық жағдайлар анықталуда», – деп хабарлады полициядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.