Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астанада стадион аумағында өрт шықты
656
оқылды

Бүгін түнде Астана қаласы Сарыарқа ауданы Кенесары көшесі бойындағы жұмыс істемейтін стадион аумағында қоқыс өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

– ТЖМ күштерімен 20 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, – делінген ресми ақпаратта.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.