Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.
Жамбыл облысында ауыр қылмыс жасаған күдіктіге іздеу жарияланды
1,511
оқылды

Жамбыл облыстық Полиция департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Мақсат Жасаулеұлы Мұхановқа іздеу жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тaraz_life парақшасында күдіктінің негізгі белгілері жарияланды. Бойы 168-170 сантиметр, дене бітімі тығыз, шашы қара, бет пішіні сопақша келген, мұрны түзу, ерні толық. Ол қоңыр түсті футболка және трико, қара түсті аяқкиім киген.

– Ер адамның жанында пышақ болуы мүмкін. Сондықтан абай болу қажет. Күдіктіні көргендер болса мына телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады: 8 (7262) 90 70 10, 99 72 50, 8 (72636) 99 70 42, 8 707 272 09 49 немесе 102 телефоны бойынша. Анонимділік пен сыйақыға кепілдік беріледі», – делінген ресми хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.