2024 жылдың 1 қыркүйегінде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына арыз түсті.
Көкшетауда азаматтық қорғау академиясының курсанты қыз зорлады деген күдікке ілінді
фото: Halyq Uni
426
оқылды

Көкшетаудағы азаматтық қорғау академиясының курсантына қатысты қыз зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2024 жылдың 1 қыркүйегінде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына арыз түсті. Онда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанты қылмыс жасағаны айтылған. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Осы дерек бойынша құзыретті органдар қызметтік тексеру жүргізеді», – деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, аталмыш білім ордасының курсанты бойжеткенді зорлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.