Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеу енгізіліп, бетперде тағу режимі барлығына міндеттелетіні туралы ақпарат тарады.
5 қыркүйектен бастап карантиндік шектеу енгізілетіні рас па?
Фото: istockphoto.com
2,420
оқылды

Әлеуметтік желідегі 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеу енгізіліп, бетперде тағу режимі барлығына міндеттелетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпедемиологиялық бақылау комитетінің Телеграм-арнасында айтылған. Ведомство 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу бастала»ынын атап өтті.

"ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының  эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес осы жылы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді", - делінген  хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.