Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда 4 қыркүйекте өтетін VIII шақырылымдағы үшінші сессияның бірінші жалпы отырысының күн тәртібі бекітілді.
Мәжіліс жаңа Салық кодексі жобасын  қабылдайды
277
оқылды

Алдағы сәрсенбіде Мәжі­ліс­тегі Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан Республи­ка­сының жаңа Салық кодек­сі­нің жобасын жұмысқа қа­был­­дайды. Заң жобасында де­путаттар Мемлекет басшы­сының Жолдауында айтылған са­лықтық әкімшілендіруді жә­не салық режимдерін оңтайландыруға, салықтық жеңілдіктерді қайта қарауға және  тағы басқа да бастамаларды іске асыруға тиіс. Онымен бір­­ге комитет Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мә­селелері туралы ілеспе түзе­ту­лер бойынша қорытынды шы­ғаруы тиіс.

Сонымен қатар бірінші оқылымда Президенттің тап­сырмасы бойынша әзірленген, ілеспе түзетулермен «Тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау туралы» заңның жаңа жобасы шы­ғарылады. Заң жобасында тұ­тынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойын­ша омбудсмен институтын ен­гізу, онлайн-саудада тұ­тыну­­шылардың құқықтарын қорғауды күшейту және басқа да бірқатар норма қарас­тырыл­ған.

Мәжіліске Қазақстан  Рес­публикасының  Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға ар­налған кепілдендірілген трансферт туралы, 2025-2027 жылдарға арналған республи­ка­лық бюджет туралы заң жо­балары және Астана мен рес­публикалық маңызы бар қа­лаларды дамыту мәселелері бойын­ша заң жобалары түседі.

Бұдан басқа, палата жұмысына Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Сингапур арасындағы еркін сауда ту­ралы келісімді және оған жан-жақты экономикалық ын­тымақтастық туралы негізде­мелік келісімді, Қазақстан мен Қатар Үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді, сондай-ақ за­ғиптардың және көру қабі­леті бұзылған немесе баспа ақ­паратын қабылдауға өзге де қабілеттері шектеулі адамдардың жарияланған туындылар­ға қол жеткізуін жеңілдету ту­ралы Марракеш шартын ра­тификациялау туралы заң жо­балары келіп түседі.